Арыста 60 шақырым жол қайта жөнделеді

6 Тамыз 2019, 08:43
1604
Бөлісу:
Арыста 60 шақырым жол қайта жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді.Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нәтижесінде 17 сектордың 13-інде төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақау орын алғандығы анықталды. Қала көшелеріндегі ақауды жою бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшені заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылатын болады: 46,7 шақырым аяқ жол салу; 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарық шамдарын орнату; 7 шақырым велосипед жолы; 41 м3 суағар; жалпы аумағы 9 522 м2 көшенің жиектеріне жөндеу жүргізіледі»,-делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 13 аймақ бойынша 67 көшенің бүгінгі таңда 40 көшесінде жұмыс жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 40 көшені қалпына келтіру жұмыстарына 60-қа жуық арнайы техника мен 110-нан астам жұмысшы тартылған.

Арыс қаласының көшелерін қалпына келтіру бойынша қазіргі таңда мынадай жұмыстар атқарылуда: 4 көшеде асфальт салу жұмыстары аяқталды; 19 көшеде жолдың негізіне құмды-шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде; 15 көшеде аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде; 2 көшеде жарықтандыру бағаналарын орнататын ұңғымалар қазылып, бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарын тамыз айында толық аяқтау жоспарланған.

 

Өзгелердің жаңалығы