Арыста 5776 үйді қалпына келтірудің негізгі жұмыстары аяқталды

31 Шілде 2019, 20:35
1583
Бөлісу:
Арыста 5776 үйді қалпына келтірудің негізгі жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көп қабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы