Арыста 1620 үй қайта қалпына келтірілді

20 Шілде 2019, 14:47
1432
Бөлісу:
Арыста 1620 үй қайта қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің деректеріне сүйенсек, 20 шілдеге дейін Арыс қаласында 1620 үй қайта жөнделді.

Бүгінде құрылысшылар 4798 жеке және көпқабатты тұрғын үйді жөндеп жатыр, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір 7136 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Олардың саны күн сайын көбейіп отыр. Бір күн бұрын 7037 құрылысшы болған. 213 құрылыс комп

аниясы 269 техниканың көмегімен 17 сектордағы жұмысты жандандырды. Елбасы мен президенттің тапсырмасы бойынша, қираған ғимараттардың жөндеуі 2019 жылдың 1 тамызына дейін аяқталу керек», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Арыста әскери қоймадағы жарылыс салдарынан қаланың 66 ғимараты (52 білім нысаны, 8 денсаулық, 4 спорт нысаны және Даңқ аллеясы) зардап шеккен болатын. Төрт ғимарат қайта салынады және белгіленген уақытта пайдалануға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы