Арыста журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік өткізді

5 Шілде 2019, 21:32
1880
Бөлісу:
Арыста журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік өткізді

Түркістан, BAQ.KZ. Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. 

Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты.

Өңірдегі ең беделді басылымдар мен телеарналардың және сайттардың қызметкерлері, респуликалық БАҚ өкілдері арыстықтармен бірге екендерін іспен дәлелдеді.

Сенбілік Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Басқарма басшысы Бейсен Тәжібаев бүгінде Арыс қаласы қайта қалпына келіп қана қоймай, нысандар жаңаша бағытта қайта жөндеуден өтіп жатқанын мәлімдеді.

Сенбілікке қатысқан БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері Арыстағы қарқынды жұмысқа ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осы қаланы қолдауға дайын екендерін жеткізді.

Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қала 17 секторға бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үйлердің шатырлары және сыртқы келбеттері біркелкі сәнді болмақ. Бүгін Жамбыл облысының әкімдігі 6 үйді иелеріне тапсыруда. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек те әрбір тұрғынға әділ бөлініп, жеткізіліп жатыр. Бұл іске аудан, қала әкімдіктерімен бірге жергілікті 780 белсенді тұрғын да тартылды. Азаматтық қоғам өкілдері, еріктілер әкімдікпен бірлесіп, елге қызмет ете білді. Бүгінгі сенбіліктің мақсаты да журналистер мен қоғам белсенділерін игі іске жұмылдыру және оларға Арыс тұрғындарының жай-күйін көрсету.

Өзгелердің жаңалығы