Арыс қаласында 2072 үй қалпына келтірілді

25 Шілде 2019, 08:30
1411
Бөлісу:
Арыс қаласында 2072 үй қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 24 шілдеге дейін 2072 үй пайдалануға берілді. Қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіру бойынша ауқымды шараға 215 құрылыс компаниясы қатысты, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық үй құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Арыс шартты түрде бөлінген 17 секторда барлығы 7380 жұмысшы еңбек етеді және олардың қатары күн сайын толықтырылуда (бір күн бұрын 7367). Үйлерді қалпына келтіруге республикалық бюджеттен және барлық өңірлердің жергілікті бюджеттерінен және еліміздің үш мегаполисінен қаражат бөлінді. 

Тағы 1950 құрылысшы 66 әлеуметтік нысанда жұмыс істеуде, оның 62-і күрделі жөндеуден өтеді, төртеуі «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен толық қалпына келтіріледі.

Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Арыс қаласында ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бар, ол күн сайын барлық қалпына келтіру жұмыстарының барысын қадағалайды.

Өзгелердің жаңалығы