Артығымен жұмыс істейтін мемқызметшілердің мәселесі қалай шешіледі?

15 Наурыз 2023, 15:53
1106
Бөлісу:
Артығымен жұмыс істейтін мемқызметшілердің мәселесі қалай шешіледі?
Фото: egov.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мемлекеттік қызметті бюрократиядан арылту үшін қандай шаралар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта мемлекеттік қызметкерлердің артығымен жұмыс істеуіне қатысты мәселе көтерілді. Бұл мәселені қалай шешесіздер? Расымен алдағы уақытта мемқызметші жұмыстан тыс уақытта жұмыс істесе айыппұл салына ма? - деп сұрады журналист ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Былтыр елімізде 270 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 756 тексеріс жүргізіліп, 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 602 – қызмет көрсетуші қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 305 – лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 89-бапта көрсетілген. Бұл мәселе байланысты айтарым, бүгінгі таңда осы бапты агенттік және аумақтық департаменттерге қолдануға құзыреттік берілген. Онымен қоса агенттіктің қолданыстағы функцияларының қатарына «артық жұмыс істеу» мәселесі бойынша мониторинг жүргізу функциясы беріліп отыр. Осы тексеріс аясында жұмыс жүргізілетін болады. Егер аталған фактілер белгілі болып жатса жауапкершілікке тартылады. Заңдағы кодексте бұл бапқа қатысты санкциялар, біріншіден ескертпе ретінде жазылған, екіншісінде лауазымды тұлғаға қатысты болса, 40 айлық есептік көрсеткіш айыппұл арқалуы мүмкін, - деді Салауат Мүксімов. 
 

Өзгелердің жаңалығы