АрселорМитталдағы өртті сөндіріп жатқан құтқарушыларға жоғары жалақы төленеді

18 Қыркүйек 2023, 13:29
712
Бөлісу:
АрселорМитталдағы өртті сөндіріп жатқан құтқарушыларға жоғары жалақы төленеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы брифинг кезінде «КӘАҚҚ РО» ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Неліктен тау-кен құтқарушылары дүкен сатушыларымен бірдей жалақы алады? Олар апатты жойған кезде өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Қосымша ақы шамалы ғана. 800 метр тереңдіктегі түтін мен өртті жойғаны үшін өмірлерін қатерге тігіп, 60 мың қосымша төлем алады. Бұл мазақ ету емес пе? – деп журналистер спикерлерге сұрақ жолдады.

«КӘАҚҚ РО» ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский шахтадағы апатты сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар қанша жалақы алатынын айтып берді.

Бүгінгі күні қарапайым құтқарушының жалақысы – 250 мың теңге. Мен барлық саудагер осындай жалақы алатынын не алмайтынын білмеймін. Екіншіден, бір ай бойы осы күрделі апатты жоюмен айналысып жатқан құтқарушылар өрт сөндірілгеннен кейін қосымша төлем алады. Ол – төтенше төлем. Тыныс алу аппараттарында жұмыс істеген кезде құтқарушылар шахтада өткізген кезең үшін төрт еселенген жалақы алады, - деп айтты ол.

Геннадий Силинский тау-кен құтқарушылары қайда және қандай жағдайда жұмыс істейтіндерін алдын ала біліп келетінін айтты. Сөзінше, бұл саладағы құтқарушылармен дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Осындай ұзақ уақыт бойы шыдамдылық пен батылдық, кәсіби дайындықтарын танытқандарының арқасында өртті сөндірумен айналысуға мүмкіндік болып отыр. Қазір бұл жұмыстар ойдағыдай жүріп жатыр, - деп түсіндірді Силинский брифингте.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы