Арқалықта су тасқынына қарсы жұмыстарға әскерилер атсалысып жатыр

28 Наурыз 2024, 14:06
283
Бөлісу:
Арқалықта су тасқынына қарсы жұмыстарға әскерилер атсалысып жатыр
Фото: скриншот

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгін 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы Қостанай облысының Арқалық қаласында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Северный елді мекенінің шамамен 75% тазартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында Төтенше жағдай енгізілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы