Армения сарапшылары сайлауды еркін және транспарентті деп бағалады

25 Наурыз 2023, 17:44
813
Бөлісу:
Армения сарапшылары сайлауды еркін және транспарентті деп бағалады
Фото: СІМ

Армения сарапшылары Қазақстанда өткен парламенттік сайлауды еркін және транспарентті деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Армения астанасында Қазақстанда өткен парламенттік сайлауға арналған сарапшылық кездесу ұйымдастырылыр, оған Арменияның сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және демократиялық реформалар және Парламент Мәжілісі пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы хабардар етілді.

Қазақстандағы парламенттік сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Халықаралық гуманитарлық даму қоғамдық ұйымының төрағасы Арман Гукасян «сайлау жергілікті және шетелдік байқаушылардың кең қатысуымен ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес еркін және транспарентті болды» деп айтты. «Қытай-Еуразия» армян саяси және стратегиялық зерттеулер кеңесінің директоры Мгер Саакянның пікірінше, «өткен сайлау қазақстандық демократияның дамуындағы тағы бір кезең болды және Қазақстан азаматтарының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытын қолдайтынын көрсетті». Еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі, саясаттанушы Арам Сафарян «халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болған Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық пен оны өткізудің жоғары деңгейін» атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар 2023 жылы түрлі салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту шеңберінде бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы