Архивтер арасында байланыс күшейіп келеді

23 Мамыр 2022, 12:00
1223
Бөлісу:
Архивтер арасында байланыс күшейіп келеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Жобалық құжаттама: теория және практика» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Бұл іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі архив директоры Баян Жұматаеваның айтуы бойынша, жыл сайын дәстүрге айналған конференцияға жобалық құжаттама жасау саласындағы Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының архив мамандарымен қатар Ресейдің Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының мамандары, Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінің қызметкерлері де қатысқан. 

Архивтер арасында байланыс күшейіп келеді

Конференцияда жобалық құжаттаманы құрастыруға, оның сақталуын қамтамасыз етуге және оны тәжірибелік қызметте, сондай-ақ  тарихи-ғылыми, танымдық мақсаттарда пайдалануға қатысты мәселелердің кең спектрі талқыланды, - дейді архив директоры Баян Жұматаева. 

Архивтер арасында байланыс күшейіп келеді

Айта кетейік, конференция аралас режимде өтті.

Өзгелердің жаңалығы