ArcelorMittal. Инвесторлардың ең әуелі халыққа пайдасы тиюі керек - Мақсат Халық

8 Желтоқсан 2023, 17:48
923
Бөлісу:
ArcelorMittal. Инвесторлардың ең әуелі халыққа пайдасы тиюі керек - Мақсат Халық
Фото: BAQ.KZ - архив

Экономист Мақсат Халық ArcelorMittal-мен келісім сәтті болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Үкіметпен келіссөзде ArcelorMittal бұған дейін 3,5 млрд доллар сұрағанын айтады.

Келіссөз жүргізгендер оны 286 млн долларға дейін төмендетіп, сатып алғанын жақсы келісім деп бағалауға болады. Мән беретін тағы бір маңызды дүние процесс ұзаққа созылмады, онда оның кері салдары болатын еді домна пешін тоқтату, шахталарды су басу, жұмыссыздық және т. б. Миттал барлық елдермен әркез мұндай жақсы келісімдерге бара бермейтін. 2012 жылдың қарашасында Француз өнеркәсіп министрі Арно Монтебур Арселормитталды елде көргісі келмейтінін айтты, өйткені ол Францияны құрметтемейді. Монтебурдың айтуынша, компания мемлекет алдындағы міндеттемелерді үнемі бұзған. Бұл трансұлттық компанияның басшылығымен ресми Париж арасындағы өткір қақтығысқа әкелді, - деді экономист.

Ол Франция билігі 2012 жылдың 1 қазанында ArcelorMittalға екі айлық ультиматумын жариялағанын айтты. Компания басшылығы егер үкімет кәсіпорынды толық сатуды талап етсе, зауыттың домна пештерін толығымен тоқтатуға уәде береді.

Франция билігі кейін ұлттандыру саясатынан бас тартатынын мәлімдеген, соған қарамай ArcelorMittal екі домна пешін тоқтатты. Бұл оқиғалар жұмысшылардың наразылығын тудырып, арты ауқымды ереуілге ұласқан. Сондықтан бұл келіссөздің еліміздің игілігіне шешілгенін құптап отырмын, инвестормен келіспей ұзаққа созылатын Халықаралық сот процестері орын алса, онда мемлекетіміз біраз шығынға ұшырайтын еді, - дейді Мақсат Халық.

Сондай-ақ Мақсат Халық өзіміздің ұлттық экономикалық қауіпсіздігімізді алдыңғы шепке қоюымыз керегін атап өтті.

Келесі келетін инвесторларды да бірінші кезекте елдің мүддесі үшін пайдалы етуіміз қажет. Азаматтарымызды жұмыспен қамтамасыз етіп жатса, әлеуметтік пакеті мен жұмыс қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтасыз етуге тиіс. Егер елімізде сала бойынша білікті мамандар болмаса, шеттен келетін мамандар 1-2 жылда жергілікті мамандарды әзірлеуге ат салысуы қажет. Сондай-ақ ең бастысы барлығы ашық түрде жүруі керек, - деді қаржыгер.

Өзгелердің жаңалығы