Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды - Ермек Тоқтаров

20 Қараша 2022, 21:04
997
Бөлісу:
Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды - Ермек Тоқтаров

Орталық сайлау космиссиясы азаматтардың өздерінің конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасауда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонда да дауыс берер кезде әр азамат дауыс беру мүмкіндігін пайдалануды ойлау керек. Сол үшін Орталық сайлау комиссиясы халық өзінің сайлау учаскесінің мекенжайын біле алатындай түрлі ресурстар жасады. Қажетті жағдайда, тіпті  тіркелген орны бойынша сайлау учаскесінен босатылған куәлік алып,  сайлау күні келген орны бойынша басқа учаскеде дауыс беруге болады.

Оған қоса азамат сайлау учаскесінен тыс дауыс беретін жағдай да қарастырылған. Мысалы, денсаулық жағдайына байланысты, отбасында науқас адамды күту немесе шалғай аудандарда тұратын азаматтар. Учаскеден тыс дауыс беруге өтінішті дауыс беретін күні сағат 12:00-дейін беруге болады. Онда дауыс беру жәшігі сайлау комиссиясының екі мүшесінің сүйемелдеуімен тиісті өтініш берген азаматтың тұрған жеріне апарылады,- деді ол.

Комиссия мүшесі қадағалаушы немесе үміткерлердің сенім артқан тұлғалары болуы мүмкін. Бұл ретте дауыс беру құпиялылығына кепілдік беріледі.

Бүгінгі сайлаудың тарихи маңыздылығын халқымыз түсінеді. Сайлау билікті республикалық және жергілікті деңгейде қалыптастырудың демократиялық құралы ретінде қазақстандықтардың саяси өмірінің бөлігіне айналады. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Сайлаушы өзінің мүддесіне кімнің саяси бағдарламасы жақын келсе, сол үміткерді таңдауға ерікті. 2022 жылғы Президенттік сайлауда келушілер саны көп болады деп сеніммен айтуға болады, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров.

Өзгелердің жаңалығы