Аралас оқыту. Ата-ана оқу форматын таңдай ала ма?

26 Наурыз 2021, 15:50
3202
Бөлісу:
Аралас оқыту. Ата-ана оқу форматын таңдай ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте ата-аналардың оқу форматын таңдауына қатысты сұраққа жауап берді.

COVID-ке шалдыққандар саны артып келе жатыр. Кейбір ата-ана дәстүрлі форматқа қарсы. Оқу форматын таңдау құқы бар ма? Әлде барлық сынып жаппай мектепке орала ма деп журналистер сауал жолдады.

Бұл - ата-аналарды мазалайтын сұрақтың бірі. Бүгінгі күні өңірлердің алдын ала берген ақпараттарына сәйкес оқушылардың басым көпшілігінің ата-анасы баласының мектепке барғанын қалайды, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, мұндай сұрақтар Білім және ғылым министрлігіне де келіп түсуде.

Баласын мектепке жібергісі келмейтін ата-аналардың саны аз. Бірақ ерекше жағдайда үйде қалдыратын мүмкіндіктері бар, - деп жауап берді Каринова брифингте.

Бұған дейін айтылғандай, кей ерекше жағдайда ата-аналардың өтініштері негізінде, егер науқастанған немесе науқастармен байланыста болған жағдайларда қашықтан оқытуға қалуға рұқсат етілуі министрліктің ұстанымында көрсетілген. 

Еске сала кетейік, Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте IV тоқсандағы оқу форматы қалай басталатыны туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы