Қарағандыда Литва елінің ЖОО-ларымен әріптестік орнату мүмкіндіктері талқыланды

8 Қазан 2019, 03:55
1610
Бөлісу:
Қарағандыда Литва елінің ЖОО-ларымен әріптестік орнату мүмкіндіктері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласына Вильнюс университеті мен Литва жоғары білім беру саласындағы алмасуды қолдау қорының бір топ өкілдері келді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Сапар мақсаты академиялық алмасу және Литва жоғары оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастық саласындағы бағдарламалардың тұсаукесерін өткізу болды. Қарағанды медицина университетінде Литваның құрметті консулы Виталий Тварионастың қатысуымен конференция өтті. Кездесуге Қарағанды жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Оларға университет арасындағы Медициналық және техникалық бағыттағы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты. 

ҚМУ ректоры, профессор Раушан Досмағамбетова жоғары оқу орны көптеген отандық және еуропалық университеттермен ынтымақтастықта екенін атап өтті. КМУ-дың басты стратегиялық серіктесі Лунд университеті (Швеция) болып табылады. 

"Сонымен қатар, біздің университеттің әрбір мектебі білім беру және ғылыми қызметті табысты дамыту үшін серіктесті таңдайды. Вильнюс университеті Медицина мектебінің серіктесі болды. Бұл білім беру бағдарламаларын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Осы жылы Вильнюс университетінің медицина факультеті деканының орынбасары болып табылатын КМУ ректорының орынбасары Вайва Хендриксонмен бірге, біздің ЖОО-да отбасылық медицина бойынша резидентура бағдарламасы әзірленді. Студенттердің алмасуын жүзеге асыруға, Литвадан профессорларды шақыруға мүмкіндік туды. Вильнюс университетімен бірге біз сапаны басқару жүйесін жетілдіреміз", - деді Раушан Досмағамбетова.

Конференция ЕО жобасы аясында Вильнюс университетімен ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар барлық қажетті ақпаратты алып, байланыстармен алмасты.

Өзгелердің жаңалығы