Қарағандыда COVID-19 жұқтырғандарды тасымалдауға арналған екі капсула алынды

7 Мамыр 2020, 10:51
1716
Бөлісу:
Қарағандыда COVID-19 жұқтырғандарды тасымалдауға арналған екі капсула алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық жедел медициналық көмек станциясына коронавирустық инфекция жұқтырғандарды тасымалдауға арналған екі капсула тапсырылды. бұл туралы Қарағнды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі есебінен сатып алынған. Құрылғылар медициналық қызметкерлер үшін жұқтыру қаупін барынша азайтатындай етіп науқастарды тасымалдауға мүмкіндік береді.

Капсулалар толығымен герметикалық. Олар ауаны сүзу жүйесімен жабдықталған, соның арқасында пациент ыңғайсыздық сезбей, ұзақ уақыт оның ішінде бола алады. Бұл ретте науқастың тыныс алу жолдарынан шығатын бөлшектер капсуладан тыс ауаға түспейді.

Онда бойы екі метрге дейін және салмағы 200 килограммға дейін жететін адамдарды тасымалдауға болады.

- Біз Қытай елінде өндірілген екі капсуланы беріп отырмыз. Біреуінің құны - 1,8 млн теңге. Сұраныстың өсуіне байланысты тауар бағасы да көтеріледі. Пандемияға дейін мұндай капсулалар шамамен миллион теңге тұратын. Осындай капсулалар ДДҰ-мен ұсынылған, себебі олар жұқтырылған емделушілермен жұмыс істейтін дәрігерлерді барынша қауіпсіздендіруге көмектеседі, - дейді "Олимп" КДЗ Қарағанды филиалының директоры Дмитрий Гнейдин.

Қарағанды облысында қазір осындай бес капсула бар. Олардың үшеуі бұрын сатып алынған. Жабдықтардың барлығы қалалар мен аудандар бойынша бөлінген: екеуі - Қарағандыда, және де Балқаш, Теміртау және Жезқазғанда бір-біреуден бар.

- Капсулалар жиі қолданылады. Біз оларды коронавирустық инфекция басталған бетте белсенді түрде қолдана бастадық. Мысалы, біз Қарағанды қаласынан СОVID-19 диагнозы расталған жүкті әйелді одан әрі емдеу үшін Нұр-Сұлтанға тасымалдадық, - дейді "Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК директоры Зүлфикар Әбілқасымов.

Қазір Қарағанды облысында 99 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Орташа есеппен тәулігіне бір бригада 12-15 шақыруға шығады. Бұл орташа жүктеме деп есептейді Зүлфикар Әбілқасымов.

Өңірде пандемия кезінде жұмыс істейтін медиктерге үстеме ақы төлеу мәселесі шешілді. Жұқтырылғандармен немесе науқастармен қарым-қатынаста болғандармен тікелей өзара іс-қимыл жасайтындарға мемлекеттік бюджеттен қосымша өтемақылар тиесілі. Қалғандарына облыстық бюджеттен төленеді. Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының барлық қызметкерлері наурыз айы үшін қосымша үстемақыларын алды. Үстеме ақының мөлшері қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытына және біліктілігіне байланысты есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы