Қарағанды облысында найзағай түсіп, 69 жылқы мерт болды

20 Маусым 2020, 10:24
2940
Бөлісу:
Қарағанды облысында найзағай түсіп, 69 жылқы мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 маусым күні Қарқаралы ауданында қатты жаңбыр жауып найзағай түскен, соның салдарынан далада жайылып жүрген 69 жылқы өлді. Инстаграмдағы рatriotkaragandy парақшасының мәліметінше, өлген жылқылардың ішінде 20 құлын бар.

Бұл қайғылы жағдай Қарқаралы қаласынан 60 шақырым жерде, Тегісшілдік ауылдық округіндегі Жарлы ауылының жанында болған. Ауыл тұрғындары қазір шығынды есептеп жатыр, олар малмен күн көріп келген, - деп жазды олар. 

Өзгелердің жаңалығы