Әр азамат өз құқығын қорғауы керек – Салтанат Тұрсынбекова

3 Қараша 2022, 15:49
1037
Бөлісу:
Әр азамат өз құқығын қорғауы керек – Салтанат Тұрсынбекова

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның әр азаматы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну кезінде  өз құқығын қорғай алса бұл бизнесмендер арасында салауатты бәсекелестіктің арттуына әсер етеді. Сонда ғана іріктеліп, тек үздіктері қалады, – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2017 жылғы әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, Қазақстанда тұтынушылардың 35 пайызы құқығы бұзылғанына қарамастан ешқайда жүгінбейді. 2021 жылы тағы бір әлеуметтік зерттеу қазақстандықтардың құқықтары негізінен бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қоғамдық көлік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен базарлардағы сауда салаларында бұзылатынын көрсетті.

Сауда орталықтарында, дүкендерде, базарлар мен тамақтану орындарында біздің тұтынушы ретінде құқықтарымыз қаншалықты қорғалған? Тауар бүлінсе, қызмет толық көлемде, өз уақытында көрсетілмесе не істеу керек? Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын арнайы заң жұмыс істейді. Әйтсе де ол заңды қарапайым халықтың бірі білсе, бірі біле бермейді. Адамдар құқықтарын қорғауды, кәсіпкермен жанжал туындаса қайда жүгінетінін білмейді, - деді президенттікке үміткер.

Салтанат Тұрсынбекова бұл мәселеде бизнестің де мүддесін ескеру маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, шағын және орта бизнес өкілдері тексеруші органдардың назарына үнемі ілініп жатады.

Бизнестің заңдары мен азаматтардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге кәсібімен айналысуға мүмкіндік беру керек. Себебеі жұмыс орнын ашатын да, салық төлейтін де солар. Десе де халықтың барлығы дерлік сөйлейтін тілде өнім туралы ақпарат беру оңай әрі қарапайым нәрсе екенін ұмытпауымыз керек, - деп қосты спикер.

Еске салайық, 26 қазанда президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлау науқаны аясында аймақтарды аралай бастады. Ол Қарағанды ​​облысына бірінші болып барып, құқық қорғаушылармен кездесті. Кейінірек тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін дағдарыс орталығында әйелдермен сұхбатасуға барды. 27 қазанда құқық қорғаушы Ақмола облысында болып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәселелерін тыңдады, сонымен қатар жергілікті дағдарыс орталығында болды. Үміткер 31 қазанда Шымкентте тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен, қалалық адвокаттар алқасымен кездесті және өзінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы арқылы 2017 жылы құрылған отбасын қолдау қызметіне барды. Сонымен қатар, 1 қарашада Түркістан қаласында болып «Белсенді ұзақ өмір» орталығында зейнеткерлермен кездесіп, ҮЕҰ дың кеңсесінде болды.

Өзгелердің жаңалығы