"Ақыреттегі ақысына кіресіз". Әлеуметтік желідегі "смайлик" жайында

3 Тамыз 2023, 16:04
2467
Бөлісу:
"Ақыреттегі ақысына кіресіз". Әлеуметтік желідегі "смайлик" жайында
Фото: Бейнеден скрин

Whatsapp-та адам кейпінде тұратын стикерлерді біреуге жіберуге болмайды. Өйткені жіберген адамның ақыреттегі ақысына кіріп кетесіз. TikTok желісінде Әбдуғафур Шәкенов есімді азамат осындай ақпарат айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адамның бейнесі бейнеленген стикерді жібермеңіздер. Себебі біріншіден, адамның рұқсаты болу керек. Екіншіден, ол адамды сіз мазақ қылып күлкі ретінде жіберіп жатсыз. Кейін ақыретте оның ақысына кіріп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан ол адамның рұқсаты болу керек. Егер рұқсат болмады ма? Онда жібермеңіздер. Себебі сіз жіберу арқылы ақыретте оның ақысына кір келтіріп жатсыздар. Ақыретте оның ақысын беру өте қиын болады, – деді Шәкенов.

Бейнеге пікіріне "басқа не қалды тыйым салынбаған" деп сөгіп жазғандар бар. Ал кейбірі дұрыс екенін айтып, тіпті телефонындағы стикерлерді өшіргені жайында жазған.

@gafurgooy Әуреті болғанында жібермеңіз…#gafurgoy ♬ оригинальный звук - Gafur🌙
Өзгелердің жаңалығы