Ақылы жолдар қымбаттайды

15 Ақпан 2024, 13:50
698
Бөлісу:
Ақылы жолдар қымбаттайды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев еліміздегі ақылы жолдар қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен бірден "бірнеше есеге" көтерілмейді деп айттым. Бірқатар адам екі-үш есеге көтеруді ұсынды. Мен екі-үш есеге қымбаттамайтынын кесіп айттым. Бірақ белгілі бір пайыз қосылады. Біздің мамандар жолды күтіп-ұстауға қанша қаражат қажет екенін ескере отырып, есептеуі керек, - деді Қарабаев Сенат кулуарында.

Сонымен қоса осы мәселе наурыз айынан бастап қоғамдық талқыға салынатыны белгілі болды.

Айта кетейік, елімізде ақылы жолдар 2013 жылдан бастап салына бастады. Бүгінде жалпы ұзындығы 3 221 шақырымды құрайтын 17 ақылы учаске бар.

Өзгелердің жаңалығы