Ақылы жолдан түскен қаржы сол жолдың өзіне жұмсалады

25 Қыркүйек 2020, 07:42
1394
Бөлісу:
Ақылы жолдан түскен қаржы сол жолдың өзіне жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлады aikyn.kz.

Жол жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде су тасқынына байланысты жұмыстарға, су өткізгіштерді тазарту жұмыстарына кетеді. Жаз мезгілінде жол белгілерін қолдану, ауыстыру, қоқыстарды жинау, демалыс орындарын тазарту және басқа жұмыстарға пайдаланылады, – деді «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов.
Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасының тікелей эфирінде бірнеше сұраққа жауап берген ол, баламалы жолдар туралы да айта кетті.
«Жолдар туралы» заңның 5-бабына сәйкес, кез келген қолданыстағы баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен ақылы жолдың басталу және аяқталу нүктелері көрсетілуі керек. Осылайша, Заңда баламалы жол болмаған жағдайда, ақылы негізде жолды пайдалануға шектеулер қарастырылмаған. Алайда, қолданыстағы төрт ақылы учаскеде баламалы жолдар бар, - деді Марат Сүлейменов.

Өзгелердің жаңалығы