Ақтөбелік құтқарушы марапатталды

23 Наурыз 2023, 19:09
610
Бөлісу:
Ақтөбелік құтқарушы марапатталды
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ұлыстың ұлы күні мерекеге орай Өңір басшысы Ералы Тоғжанов азаматтық қорғау старшинасы Болат Есеновты Ақтөбе облысы әкімінің “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” төс белгісімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есенов Болат Баязитович 1977 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық совхозы Ортақ ауылында дүниеге келген.

2005 жылдан бастап Қобда ауданында өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Отбасында 3 бала тәрбиелеп отырған қамқор әке.

Азаматтық қорғау старшинасы Болат Есенов Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда сіңірген еңбегі зор.

Атап айтсақ су тасқыны қатерін жою, дала өрттері, қысқы кезеңдегі авариялық құтқару жұмыстары кезінде түрлі апаттарымен арпалысып, батыл әрекетінің арқасында адамдардың өмірін сақтап қалды. Сын сағаттарда басын бәйгеге тігіп, қауіп-қатерде адамдардың өмірін құтқаруға өз үлесін қосып жүрген, Болат Есеновты бүгінгі марапатымен құттықтаймыз, - деп жазды Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы