Ақтөбедегі жол апаты. Көліктен тағы екі баланың денесі табылды

7 Тамыз 2024, 17:04
2074
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты. Көліктен тағы екі баланың денесі табылды
Фото: pixabay.com

Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған. Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «MAN» жүк көлігі мен «Toyota Ipsum» автокөлігі соқтығысты. Бастапқыда жеңіл көліктің жүргізушісімен қоса алты адам қаза болғаны туралы мәлімет берілді. Оның үшеуі бала болған.

Өкінішке қарай, көліктен тағы екі оқушының денесі табылған. Осылайша қаза тапқандардың саны 8-ге жетті: үш ересек және бес бала.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, көлікте балалар ата-аналарымен бірге болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша балалар мен ата-аналар футболдан Маңғыстау облысына жарысқа шыққан, - деді ЖПҚ басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Qazaqstan телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес облыстық білім басқармасының бұл жарыстан хабары болмаған. Турнирді жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, былтыр 4 наурызда Ақтөбе облысы Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған қыз сол жерде қаза болған еді.

Сонымен қатар 2023 жылы желтоқсан айында Ырғыз ауданында Жаныс би ауылынан шыққан «Toyota Alpard» көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігін соққан. Үш адам сол жерде көз жұмды: мұғалім және екі оқушы. 

Өзгелердің жаңалығы