Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады

5 Наурыз 2023, 17:00
1002
Бөлісу:
Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Egemen.kz  «Диапазон» сайтына сілтеме жасап жазды.

Басылым мәліметінше, оқиға 4 наурызда кешкі сағат 20:55 шамасында Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған қыз сол жерде қайтыс болған. Қалған төртеуі Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Балалар Шалқардың №8 мектебінің оқушылары екені айтылған. Алайда өңірдің білім басқармасы өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.

Өзгелердің жаңалығы