Ақтөбедегі жанармай бекетіндегі қайғылы оқиға: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер жанармай құю бекетіндегі оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген азаматтың қазіргі жағдайы туралы айтты.

 instagram.com/aktobe_zello 21 Маусым 2026, 18:51
21 Маусым 2026, 18:51
1338
Фото: instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбеде кеше жанармай құю бекетінің аумағында өрт шығып, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам зардап шекті. Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың жағдайы туралы мәлімет берді.

Өрт кезінде жарақат алған адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Соған қарамастан науқастың гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты күйде.

Сондай-ақ пациенттің есін білетіні хабарланды.

Науқас қажетті емнің толық көлемін алып жатыр және медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Наверх