Ақтөбедегі қанды оқиға: Ер адам жанжал кезінде қызды пышақтап өлтірді

Ақтөбеде 10 қазан күні түнде әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен 28 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды.

13 Қазан 2026, 12:58
АВТОР
 видеодан алынған кадр 13 Қазан 2026, 12:58
13 Қазан 2026, 12:58
123
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбе қаласында қызды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Оқиға қалай болған?

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 10 қазанда сағат 22:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сәтбаев көшесінде болған. Марқұм қыз бен оған таныс ер адамның арасында жанжал туындаған. Сол кезде ер адам қызға пышақ жарақатын салған.

Алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті қамауға алынды

Полиция қызметкерлері қызды өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қылмыстың себептері анықталуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - делінген облыстық ПД жауабында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін елордадағы тұрғын үй ауласындағы автотұрақта әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Қаза болған 30 жастағы әйел бұған дейін бұрынғы күйеуінен төнген қауіп туралы полицияға бірнеше рет хабарлаған. Енді жауапты қызметкерлердің әрекеті тексеріліп жатыр. Осы қылмыстық іске қатысты төрт экс-полицей қамауға алынды.

Тағы оқи отырыңыз:

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Наверх