Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысты: Бір адам қаза тапты

Тобыл қаласында жүк көлігі екі мотоциклмен соқтығысып, қайғылы жағдай болды. Бір адам оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға түсті.

 Қостанай облысы Полиция департаменті 13 Қазан 2026, 11:14
13 Қазан 2026, 11:14
144
Фото: Қостанай облысы Полиция департаменті

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ жүк көлігі екі мотоциклмен соқтығысты. Жол апатынан бір мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты жолға шыққан. Осы сәтте КамАЗ-ға екі мотоцикл соғылған.

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушілерінің бірі жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Екінші мотоцикл жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды, - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша жүк көлігі жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында мотоцикл мінген 18 жастағы жігіт атпен соқтығысып,  қаза тапқаны хабарланды. Жол-көлік оқиғасы 10 қазанға қараған түні Ольгинка ауылына кіреберісте болған.

Наверх