Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

9 Желтоқсан 2023, 23:38
1109
Бөлісу:
Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды
Фото: архив

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәулік өткен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен үш қызды тапты.

Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Еске салсақ, 8 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында үш қыз орталықтан қашып кетті. Оларды полиция мен еріктілер іздеді.

Өзгелердің жаңалығы