Ақтөбеде жарық пен су қалпына келтіріліп, облыс жолдарынан адамдар құтқарылды

9 Ақпан 2024, 11:51
348
Бөлісу:
Ақтөбеде жарық пен су қалпына келтіріліп, облыс жолдарынан адамдар құтқарылды
Фото: Видеодан кадр

Ақтөбе облысында апаттық-құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс орталығындағы ауа-райы жақсарып келеді. Бұл жағдай Ақтөбе қаласындағы және қала маңындағы елді мекендердің, облыстың мүмкін болған аудандарын электр энергиясымен қалыпты қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді.

Іс-шаралар "Энергосистема" ЖШС нысандарында өткізілгеннен бөлек, біздің мамандармен өңірлік электр желілер компаниясының балансында жоқ желілерді қалпына келтіруде үлкен көмек көрсетілді. Облыс аудандарында жұмыстар жалғасуда. Жұмысшылар бригадасы жұмылдырылып, қажетті арнайы техника іске қосылды.

Осыған қоса бастоғандар мен су тазарту қондырғылары, сорғы станциялары ауа-райының қолайсыздығынан және электрмен жабдықтаудан кейін жұмыс қабілеттілігін қалпына келтірілді. 

Қазір бүкіл қала біртіндеп қалыпты сумен жабдықтауға қайта оралуда. Желілер сумен толтырылуда және көп ұзамай су айналымы қалыпқа келеді.

Сондай-ақ Хромтау ауданнда төтенше жағдай режимі жарияланған соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 

Арнайы қар тазалау және жол талғамайтын техникалары арқылы Дөң тау-кен байыту комбинатымен бірлесіп, Хромтау-Қарабұтақ және Хромтау-Ақтөбе бағыттарындағы жолда қалған 292 азаматтарды жылыту пункттеріне жеткізді. Ал өз еркімен эвакуациялаудан бас тартқан жүргізушілерге 751 азық-түлік дорбасы үлестірілді.

Өзгелердің жаңалығы