Ақтөбеде таеквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

1 Сәуір 2022, 02:44
1219
Бөлісу:
Ақтөбеде таеквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Үш күнге созылған ел чемпионатына 478 спортшы қатысты.

Командалық есепте бірінші орын 241ұпай иеленген Алматы қаласына бұйырды. Құрама еншісінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар.

Алматы облысының құрамасы екінші орынға жайғасты. Жетісулық спортшылар 127 ұпай мен 10 медаль алса, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 3 қола. Ал еншісіне 113 ұпай тиген Қызылорда облысының таеквондошылары үздік үштікті қорытындылады. Олардың еншісінде 8 медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы