Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

23 Қазан 2022, 16:33
1571
Бөлісу:
Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңір тұрғындарын Ұлы күн – Республика күнімен құттықтады. Аймақ басшысы облыстың дамуы жолында жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жоспарларымен бөлісті.

Қадірлі жерлестер, алда үлкен саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Бұл әрбір қазақстандықтың болашағын айқындайтын, елдің тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз ететін, мемлекеттің дамуы жолындағы стратегиялық бағыттарды қабылдайтын жауапты кезең! Осы саяси науқанда ақтөбеліктер өз ауызбіршіліктерін көрсетіп, белсенділік танытатынына сенімдімін. Егемендігімізді көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы ету — әрбір азаматтың абыройлы борышы. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жарасып елдің дамуы үшін еңбек етейік,- деп сөзін түйіндеді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 Салтанатты шара аясында бірқатар ақтөбелікке өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қоғамдық қызметте белсенділік танытып, үлес қосқаны үшін ел Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы