Ақтөбеде қоқыс полигонының мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды

11 Желтоқсан 2023, 16:16
567
Бөлісу:
Ақтөбеде қоқыс полигонының мәселесі қалай шешілетіні белгілі болды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қала сыртындағы полигон жыры қашан шешіледі? Қоқыстың иісінен бөлек өртенген кезде оның түтіні қалаға келіп тұрғындарды азаптап жататыны белгілі. Қанша әкім осы мәселені шешеміз деп уәде беріп қызметінен кеткен. Әкім ретінде осы мәселені шеше аласыз ба? деп БАҚ өкілдері өңір басшысына сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңір басшысы полигоннан келетін жағымсыз иіс бар екенін айтты.

Өте маңызды сұрақ. Полигон бойынша қандай шешімдер қабылданды? Бірінші жаңа полигон ашу. Қала әкімі болған кезде де осы мәселемен айналыстым. Қазіргі таңда толықтай осы жұмыстарды аяқтадық. Ең бастысы ескі полигонды жабу. Оның ішінде қосымша 200 млн теңге қаржы бөлдік. Соған байланысты тиісті жұмыстарды аяқтадық. Келесі жылы тағы қосымша қаржы бөліп айналысамыз,-деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Бұған дейін әкім облыста 350 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы