Ақтөбеде өзенге 80 мың шабақ жіберілді

5 Мамыр 2022, 22:51
1336
Бөлісу:
Ақтөбеде өзенге 80 мың шабақ жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында өзен-көлдердегі балық қорын молайту жұмысы жүріп жатыр.  Қала аумағымен өтетін Елек өзеніне үш күнде 80 мыңнан астам тұқы шабағы жіберілді. Бұл іске су тоғандарын өндірістік мақсатта пайдаланатын онға жуық кәсіпорын да ат салысуда, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ал шабақтар балық өсірумен айналысатын өңірдегі жалғыз шаруа қожалығынан алынады. Мамандардың айтуынша, тұқылар өсіп-өнгенше біраз уақыт бақылауда болады. Тіпті, қыс мезгілінде қырылып қалмауы үшін әдейі суы мол және терең жерге жіберіліп жатыр. 

Бұл жануарлар дүниесін пайдалану, өсімін молайту заңының 17 бабына сәйкес. Егер кәсіпорындар осы суды пайдаланып, әсер келтірген жағдайда ол судың орнына  балықтарды жіберіп, орнын толтырады. Мұндай іс-шара жыл сайын жүргізіліп тұрады, – деді «Тобыл-Торғай» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ бөлім басшысы Нұрбек Толыбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы