Ақтөбеде маңғыстаулық театр спектакль қойып жатыр

6 Сәуір 2023, 16:57
1159
Бөлісу:
Ақтөбеде маңғыстаулық театр спектакль қойып жатыр
Фото: obzoor.by

Ақтөбе облысына Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының ұжымы келіп, өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған театр ұжымының әртістері 6-9 сәуір күндері Ақтөбе қаласындағы облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театр сахнасында көрермендерге бірнеше қойылымдарын ұсынбақ. Биыл құрылғанына 20 жыл болған театрдың репертуарында жалпы саны жүзден астам спектакль бар.

Біздің театрымыздың құрылғанына биыл жиырма жыл толады. Осыдан 20 жыл бұрын театрымыз Наурыз мейрамы қарсаңында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, өз жұмысын бастаған болатын. 2006 жылы театрымызға Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмұхан Жантөриннің есімі берілді. Бүгінде көпшіліктің көзайымына айналып, сахналаған қойылымдары үздіктердің қатарынан көрінген театрымыз республикаға танымал. Театр қоржынында бүгінге дейін 90-ға тарта үлкендерге, 20-дан астам балаларға арналған қойылым бар, - деді дейді Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Гүлсина Мирғалиева.

Облыс жұрты бұл қойылымдардың барлығына дерлік жоғары берді. 

Міне, мерейтой қарсаңында бүгін Ақтөбе өңіріне гастрольдік сапармен келіп отырмыз. Төрт күнге созылатын гастрольдік сапарымыздың аясында ақтөбелік көрерменге Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Уильям Шекспирдің «Гамлет», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» туындыларын ұсынатын боламыз. Сондай-ақ біз балаларға арнап «Аладдин» ертегісін де қоямыз, - Гүлсина Мирғалиева.

Ал Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры директорының орынбасары Тоқтамұрат Тілеудің айтуынша, Ақтөбеден кейін театр ұжымы Алматыға барып, өз репертуарларындағы ерекше қойылымдарын көрермендерге ұсынбақ.

Біз көрерменге көр­кемдік сапасы жоғары, ха­лық­­­тың көңілінен шығатын, көпшілікті қызықтыратын пьесаларды сах­налауға көп көңіл бөлеміз. Осы жолы да сол себепті ақтөбелік көрерменге қызықты, тарихи, ел білетін қойылымдарды әкеліп отырмыз. Біздің театр әртістерінің өнерін тамашалап, олардың өз рөлін қаншалықты әдемі, шебер ойнап шығатынын көргілеріңіз келсе, онда алдағы төрт күнді бізге арнаңыздар. Жалпы театр өнері — тамаша өнер. Бұл жерде режиссерден бастап барша актер жанын салып еңбек етеді. Біз осындай зор еңбектің жемісі гастрольдік сапарымызды тарихи қойылыммен бастағалы отырмыз, — дейді ол.

Сонымен ақтөбеліктер Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары туралы реквием жанрындағы Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» (режиссері Гүлсина Мирғалиева) спектаклін 6 сәуірде, М.Әуезовтың 125 жылдығына орай жазушының үш әңгімесі желісімен жазылған «Қорғансыздың күні» (режиссері Г.Мирғалиева) спектаклін 7 сәуірде, ал У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы (режиссері Г.Мирғалиева) мен Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» (режиссері Ф.Молдағали) спектаклін 9 сәуір күні көрермен назарына ұсынатын болады.

Өзгелердің жаңалығы