Ақтөбеде кәріз тазартуға келген қызметкердің 95% денесін күйік шалған

16 Маусым 2023, 12:05
755
Бөлісу:
Ақтөбеде кәріз тазартуға келген қызметкердің 95% денесін күйік шалған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақтөбе облысында кәріз насос станциясы қызметкерінің 95% денесін күйік шалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылындағы "Кеңкияқ-СК" кәріз насос станциясында ауа-газ қоспасы жарылды. Әкімдік мәліметінше, оқыс жағдай мекеме қызметкері кәріз шұңқырының қақпағын ашып, сіріңке жаққан кезде жарылыс болған. 

Дегенмен зардап шеккен әйелдің жұбайы Николай Казанкиннің айтуынша, ешқандай сіріңке жағылмаған.

Мен жұбайыммен сөйлестім. Ол маған қоңырау шалды. Оның сөзінше, ол кәріздің толғанын көру үшін барған, алайда есігін ашқаннан кейін не болғаны есінде жоқ. Негізі кәріз шұңқырының түпкі жағында шам болады. Ол қанша су жиналғанын көрсетеді. Оның деңгейін көру үшін, шамды жағып барып, сору жұмыстарына көшеді. Есін жиған жұбайым маған қоңырау шалып, күйіп қалғанын, оған кейбір зат қажет екенін айтты, - дейді ол. 

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаевтың сөзінше, зардап шеккен әйелдің денесін 95% термиялық күйік шалған. Сонымен қатар күйік ауруы, күйіктен болған ауыр шок, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуы деген диагноздар қойылды. Жалпы әйелдің жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Әзірге ол ес-түсін біліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы