Ақтөбеде каратэ-киокушинкай-каннан ҚР чемпионаты басталды

27 Тамыз 2023, 18:18
565
Бөлісу:
Ақтөбеде каратэ-киокушинкай-каннан ҚР чемпионаты басталды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе қаласында каратэ-киокушинкай-каннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріншілік кезінзе каратэ киокушинкай-кан ұлттық федерациясының президенті Омархан Өксікбаев көпшілікті құттықтады. Сонымен бірге облыс әкімі де лебіз білдірген.

Ақтөбе облысы өзінің спорттық тарихымен, дәстүрлерімен, әлемге әйгілі спортшыларымен мақтанады. Отандық спорттың негізін қалаған және негізін қалыптастырған ардагерлерден бастап біздің спортшыларымыздың жарқын жетістіктері елдің халықаралық аренадағы имиджін арттыруға ықпал етті. Құрметті спортшылар, сіздерге сәттілік пен жеңісін тілеймін, - деді өңір басшысы.

Жыл басынан бері өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілген. Тағы 11 спорт кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. 2024 жылы 10 спорт нысанының құрылысы жалғасады деп күтіліп отыр.

ҚР чемпионаты еліміздің 14 өңірінен келген спортшылардың басын қосып отыр. Республикадағы ең мықты спортшы атағына 410 каратэші сынға түсіп жатыр.

Бүгінде Ақтөбе облысында 130 спорт секциясында 5 000-ға жуық бала каратэмен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы