Ақтөбеде ішімдікке салынып кеткен ана балаларын тастап кеткен

10 Сәуір 2024, 20:02
523
Бөлісу:
Ақтөбеде ішімдікке салынып кеткен ана балаларын тастап кеткен
VIDEO
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасымен құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды.

Мобильдік топтар ата-аналар маскүнемдікке, ішімдікке салынып кетіп, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.

Мысалы, Ақтөбе қаласының прокуратурасы 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балдардың анасы ішімдікке салынып, балаларын қараусыз қалдырғандығын анықтады.

Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.

Қазіргі таңда, барлық бала «Аяла» орталығына орналасқан, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.

Аталған дерек бойынша балалрдың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталып жатыр.

Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасып жатыр және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.

Өзгелердің жаңалығы