Жалпы салмағы 2 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 сәуір Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және ҚР ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Шара барысында Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіреберісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігі тексерілді. Көлік ішінде ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакет табылды.
Ұсталған адамның тұратын жерінен тағы бірнеше полиэтилен орамы және 100 zip-пакет алынған. Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырған орын анықталып, онда ұнтақ заты бар орама алынған.
Жалпы салмағы 2 кг-нан астам “синтетика” тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды, - делінген хабарламада.