Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

8 Мамыр 2024, 13:09
1246
Бөлісу:
Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті
Фото: Артём Чурсинов

Ақтөбе қаласында екі бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Екеуі де жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кетті. Бірі екі, екіншісі 5 жасар.

Қараусыз қалған екі жасар бала терезеден құлаған. Бала аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр. 7 мамырда кешкі уақытта бес жасар баланың да көпқабатты үйдің бесінші қабатының терезесінен құлағаны туралы тағы бір хабар түсті. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Анасы мен баласы облыс орталығына Шалқар ауданынан келгені анықталды. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге баланы балконға жалғыз шығармаған дұрыс,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

 

Өзгелердің жаңалығы