Ақтөбеде ақша бопсалағандар ұсталды

20 Сәуір 2022, 13:40
1320
Бөлісу:
Ақтөбеде ақша бопсалағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе тұрғынын "дүкеніңді өртейміз" деп қорқытып, одан ақша бопсалағандар ұсталды,  деп хабарлады Polisia.kz. 

12 сәуірде Ақтөбе облысы ПД кезекші бөліміне 48 жастағы ер адам хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз біреулер азық-түлік дүкенін өртейміз деп қорқытып, бопсалап жүрген. Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге ақша төлеуді талап еткен. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 100 мың теңге ақшалай қаражатты беру кезінде төрт күдіктіні ұстады. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады, 100 мың теңге ақша тәркіленді. 

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыскерлер мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы