«Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды

3 Мамыр 2022, 20:32
1880
Бөлісу:
«Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол құрылысы маусымы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар жолдарды салып, қайта жаңғырту жұмыстарын бастап кетті.

Бүгін «Ақтөбе-Қандыағаш» тас жолы жобасы аясында 11-100 км (ұзындығы 89 шақырым) асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жолдың бұл бөлігі 2 учаскеге (11-52 км және 52-100 км) бөлінген. Осылайша, биылғы 2022 жылы аталмыш учаскеде екі жолақта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. 

Жол III санаттан I санатқа ауыстырылып, 4 жолаққа дейін кеңейтілмек. 

Өзгелердің жаңалығы