Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетті

5 Қыркүйек 2023, 13:27
661
Бөлісу:
Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетті
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметін босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.

1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.

2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.

2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.

2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2020 жылы 11 ақпанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы