Ақтөбе облысында үйден шыққан өрттен 8 адам құтқарылды

26 Сәуір 2023, 13:40
778
Бөлісу:
Ақтөбе облысында үйден шыққан өрттен 8 адам құтқарылды
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Кеше Ақтөбе облысының Темір ауданындағы тұрғын үйден өрт шығып, 8 адам тілсіз жаудан құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 25 сәуірде сағат 18.00-де112 пультіне Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде көршілес пәтерден 8 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Шақырту орнына өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйдің қонақ бөлмесі өртеніп жатқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Жалын шарпыған алаң 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі - үй иелері май шам жағып, қараусыз қалдырған, - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз:

  1. Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз;
  2. бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.
  3. Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы