Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Апат салдарынан "Hyundai Getz" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Осы көлікте болған екі жолаушы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

 скрин 16 Қыркүйек 2026, 00:25
16 Қыркүйек 2026, 00:25
154
Фото: скрин
​Ақтөбе облысының Хромтау ауданында үш көлік қатысқан жол апаты болып, бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін түсте Самара–Шымкент тасжолының Ақжар ауылы маңында болған.

Жол-көлік оқиғасына "Nissan X-Trail", "Hyundai Getz" және "Lexus LX 470" көліктері қатысқан. Аталған учаскеде бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың бір бөлігі пайдалануға берілген.

Апат салдарынан "Hyundai Getz" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Осы көлікте болған екі жолаушы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наверх