Ақтөбе облысында су тасқынынан 3232 бас мал қырылған

18 Сәуір 2024, 16:38
380
Бөлісу:
Ақтөбе облысында су тасқынынан 3232 бас мал қырылған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Облыста су тасқына салдарынан біржолғы әлеуметтік көмек беру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева мәлімдеді.

Облыста біржолғы төлем борйынша 1698 өтінім келіп түскен.

8-18 сәуір аралығында төлем көлемі 466,4 млн теңгеден асатын 1 438 астам өтінім өңделді.Қазіргі уақытта өңірдегі жұмыспен қамту бөлімдерінің жұмысы қауырт. Мамандар бір күнде 140 өтінішке дейін қабылдап, қаржыны өтініш иелерінің шоттарына аударып жатыр. Бүгінгі күнге дейін су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығынын өтеу бойынша құрылған арнайы комиссия 2953 өтініш қабылдады. Оның басым бөлігі қаралып болды. 11 сәуірден бастап комиссия шешімімен 69 отбасына 143,3 млн. теңге сомасында материалдық шығын өтелді, - деді Гүлбағда Көбеева.

Өңірде су тасқыны салдарынан шамамен 2451 үй зардап шеккен.

Облыста 1112 ЖТҚ (жеке тұрғын-үй құрылыстары), 1339 саяжай үйлері зақымданған. Су апатынан зардап шеккендерге 595 үй салу жоспарлануда. Қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жаңадан салынатын құрылыстың жер учаскелері мен мердігерлік ұйымдар анықталды. Мәселен, Қобда ауылында 57 үйдің қазығы қағылды. Қажетті құрылыс материалдары мен техникалары тасымалданды, енді құрылысшылар жұмыстарына кіріседі, - деді ресми өкіл.

Қазір өңірде мал шығындары да есептеліп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 3232 бас малдың қырылғаны расталды, оның 3120-сы арнайы орындарда өртелді. Құрылған арнайы комиссияның шешімдері шығып жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес, мал иелеріне келтірілген залалға өтемақы төлеу ертең басталады. Бұл мақсаттарға 2,2 млрд теңге қарастырылған, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы