Ақтөбе облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

28 Мамыр 2024, 16:39
1204
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

"Ақтөбеэнергоснаб" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 46,82 теңгеден 44,63 теңгеге дейін яғни 4,7%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәлімдеуінше, төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізгенін еске сала кетейік.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Ақтөбе облысының заңды тұлғаларының «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-на жүгінуге болады:

Заңды тұлғалар үшін:

- Ақтөбе қ., 312 атқыштар дивизиясы даңғ, 44-В, қалалық тұтынушылар үшін 953-307; 953-309; 953-219; аудандық тұтынушылар үшін 953-307; 953-306 телефон номерлері.

Өзгелердің жаңалығы