Ақтөбе облысында 51 адам эвакуацияланды

5 Ақпан 2024, 21:30
391
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 51 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жүргізушілерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Ақтөбе облысының аудандарында ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе қаласы және Қарғалы, Байғанин, Хромтау аудандарында авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. 

5 ақпан күні "Хромтау-Бадамша" тас жолында ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында автокөліктер тұрып қалғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 4 адам оның ішінде 2 бала құтқарды. 51 адам эвакуацияланып, Хромтау қаласы және Бадамша ауылына жеткізілді. Жағдайлары жақсы. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап барып жолға шығу қажет. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеуі қажет. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн, – дейді құтқарушылар.

Өзгелердің жаңалығы