Ақтөбе имамдары 481 отбасыға қайырымдылық жасады

25 Ақпан 2022, 09:56
1745
Бөлісу:
Ақтөбе имамдары 481 отбасыға қайырымдылық жасады

Алматы, BAQ.KZ. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысына қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен 481 отбасыға 3 264 252 теңгеге қамтыған 7 тонна 351 кг азық-түлік қоржындарын үлестірді. 

Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көмек алушылардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған  отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім-жесірлер бар.

Ақтөбе имамдары 481 отбасыға қайырымдылық жасады

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы шара қортындысында Діни басқарманың жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық көрсету екенін айта келіп, игі шараға мұрындық болған қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Сонымен қатар игі істердің жыл бойы жалғасатынын жеткізді.

Ақтөбе имамдары 481 отбасыға қайырымдылық жасады


 

Өзгелердің жаңалығы