Ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

22 Қыркүйек 2022, 08:23
1378
Бөлісу:
Ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Маңғыстаулық жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев стритлифтинг және воркаут спорт түрінен жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гиннестің рекордтар кітабына енуіне спортшының 2021 жылы Киев қаласында стритлифтинг пен воркаут-рекордтардан әлем чемпионатында көрсеткен жетістігі, орнатқан рекорды себепші болды.

Спортшы 40 фунт салмақтағы ауырлықпен екі қолмен 10 рет белтемірге тартылып рекорд орнатқан болатын. Ильдар 19 қыркүйек күні Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификатын алған.

Спортшының айтуынша, нәтижені тіркеуге өтінішті шамамен жеті ай бұрын жіберген.

Кейде өтінімді қарау жарты жылға созылады. Мен өзімнің нәтижем туралы видеоны Гиннестің рекордтар сайтына жібердім. Бекітуге үш ай қажет болды. Кейін менің рекордым тіркелді. Рекордшылар тізімін шынымен толықтырған Сертификат Лондоннан жіберілді. Ол маған бір айға жуық келді. Ал 19 қыркүйекте мен оны алдым, - деді спортшы.

Маңғыстау облысы стрит-воркаут және стритлифтинг федерациясының президенті Ильдар Ягъяев стрит-воркаут және стритлифтинг қозғалысының өңірімізде ғана емес республика көлемінде танытуға зор үлес қосуда.

Стрит-воркаут пен стритлифтинг Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылғанын қалаймын. Бұл спорт түріне қажетті көңіл бөлінсе, еліміздің туын әлемдік аренада жиі көтеру мүмкіндігіне ие болар едік, - деді Ильдар.

Өзгелердің жаңалығы