Ақтаулық оқушылар мен студенттер экожобаға қатысады

18 Мамыр 2022, 19:47
2240
Бөлісу:
Ақтаулық оқушылар мен студенттер экожобаға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда жоғары сынып оқушылары (14-17 жас) және 1-2 курс студенттеріне бағытталған «EcoVision» жаңа экологиялық жобасы басталып жатыр.


Жобаның мақсаты – экологиялық мәселелер, көміртегі бейтараптығы және экологиялық бастамаларға байланысты халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады, жоба барысында Ақтау қаласының оқушылары мен студенттері арасында іріктеу жүргізіледі, онлайн және офлайн форматта тренингтер, шеберлік сыныптары, практикумдар ұйымдастырылады. Жобаның қорытынды бөлімі «Эко-Хакатон» іс-шарасы болмақ, жеңімпаздарға пайдалы сыйлықтар табысталады.

Тренингтерді экология және қоршаған ортаны қорғау тақырыбына маманданған тәжірибелі сарапшылар, волонтерлар, жаттықтырушылар жүргізеді.  Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «EcoBatys» бастамасы щеңберінде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі іске асырады. 
 

Осы жоба арқылы біз жастар арасында экологиялық ойлауды, экологияға қатысты белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырғымыз келеді. Біздің мақсатымыз – болашақта жергілікті және жаһандық экологиялық күн тәртібіне әсер ете алатын эко-көшбасшыларды тәрбиелеу, - деді жоба жетекшісі, «QazaqGeography» РҚБ өкілі Мадина Қинаятова.


Жоба жетекшісінің айтуынша, елдегі экологияны жақсарту жұмысын эко-ойлауды дамытудан бастау керек. 
Былтыр Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы Доктринаны қабылдады. Көміртектің бейтараптығы дегеніміз не? Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар көмірқышқыл газы шығарындыларын көміртегі теріс жобаларды жүзеге асыру арқылы өтеуі керек дегенді білдіреді. Бірақ, біздің ойымызша, бүкіл әлемдік антикөміртекті науқандағы ең маңызды нәрсе – экологияның негізгі ұғымдары призмасы арқылы жаңаша ойлауды үйрену, - деп бөліседі Мадина Қинаятова.
 

Жобаға қатысу үшін қатысушылар «Менің аймағымның экологиялық проблемалары» эссесін «EcoVision Project» белгісімен kinayatova.madina@q-g.kz электронды мекенжайына жіберуі қажет. Эссе 300 сөзден аспауы және облыс тұрғындарының нақты мәселелерін ашып көрсету, сондай-ақ олармен күресу жолдарын ұсыну қажет.

Жобаның қорытынды бөлігі – «Эко-Хакатон» шарасы аясында қатысушылар аймақтың, болашақта бүкіл елдің экологиялық күн тәртібіне әсер ете алатын эко-идеяларын ұсынады.

Ұйымдастырушылар «EcoVision» пилоттық жоба екенін, болашақта оны Қазақстанның басқа аймақтарына да таратуға болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы