Ақтаулық 15 кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болды

2 Маусым 2022, 21:16
2186
Бөлісу:
Ақтаулық 15 кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болды

Маңғыстау,  BAQ.KZ тілшісі. Биыл Ақтауда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқыту курсынан өткендердің ішінен қайтарымсыз грантқа 15 адам ие болды. 

Жалпы 24 адамнан өтініш түскен. Олардың барлығы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер. 

Бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Грантқа ие болғандар қазір тігін, кондитерлік цех, наубайхана, сұлулық салоны, спорт және сурет секциясы, зергерлік бұйымдарын жасап сатып істерін дөңгелентіп отыр. 

Жыл басталғалы 24 адам оқудан өтті. Оның 15-і грант иегері атанды. Олардың  бесеуі  жастар, ал он адам  әлеуметтік аз қамтылған топтан. Грантқа ие болғандардың қатарында темір оюларын шығару шаруашылығы «Kazaksha.brand» ательесі бар, - дейді Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Айдана Елшібекқызы.

Грант иелеріне мемлекеттен 400 АЕК көлемінде, яғни 1 млн 225 мың теңге берілген. Қаражат қайтарымсыз болғанымен  бір жыл бойына олардың қаржыны мақсатты жұмсауы бақылауда болады. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 200 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. 

Өзгелердің жаңалығы